Бүгін №1 лицей-мектебінде “Сөз анасы-сәлем” өнер-білім сайысы өткізілді. Бұл шараға жетінші сыныптар оқушылары қатысты. Шара мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Шарамыз бірнеше аялдамадан тұрды. Сәлем- әдептілік белгісі. Қазақтың шешендік өнері. “Өнер – білім” сайысы “Өнер – білім” сайысына қатысқан оқушылар бірнеше сынақтан өтті. Олар: 1. Өзін-өзі таныстыру. 2. Мәнерлеп өлең оқу. 3. Тыйым сөз жарысы. 4. Мақал-мәтел жарысы. 5. Өз өнерін көрсету. Сайысымыз өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Ұнаған қатысушыға дауысын беріп, оқушылар жеңімпаздарды өздері анықтады. Сонымен, бірінші орынға ие болған Ертаев Расул, екінші орынды жеңген Жания Исмаилова, үшінші орынды Дінмұхаммед Қабиден мен Диана Абаева бөлісті.