«Мамандандырылған дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің» тарихы 1949 жылынан басталады. Екібастұз поселкесінде Мектеп ықшамауданында бірінші бастауыш мектеп ашылды. Бұл мектеп 1952 жылға дейін жұмыс істеді. Мектепті басқарған – Шорин Владимир Васильевич.

1952 жылы Кеншілер мәдениет сарайының қасында екі қабатты ғимарат тапсырылды. 1958 жылға дейін осы онбіржылдық мектепті Шелепов Степан Иванович басқарды. 19.12.61 жылғы қалалық исполком депутаттар советінің шешімімен, мектеп 57 кварталда салынған жаңа типтік мектепке көшірілді.
1959 жылдан бастап мектеп директоры Куимова Надежда Дмитриевна басқарды. Мекеме 57 кварталда 920 орынға арналған. Көшіру себебі – мектептің шамадан тыс тиелгендігі. 
1963-1970 жылдары мектепті Шлотгауэр Богдан Богданович басқарды. 1970 жылға ықшамауданның барлық балалары оқумен қамтылып, құқықбұзушылық төмендеді. 1962 жылы мектепке Юрий Алексеевич Гагариннің есімі берілді. 1971жылы Шлотгауэр Б.Б. Қалалық Білім Басқару бөліміне аударылды. Мектеп директоры болып Машковский Леонид Матвеевич тағайыңдалды. Ол 1982 жылға дейін мектепті басқарды. 1975 жылы мектеп ауласында Ю.А. Гагаринге ескерткіш ашылды. Ескерткіштің авторы – №1 лицей-мектебінің ұстазы Сергей Павлович Пантелеев. Мектепте автокәсіп кабинеті ашылып, оқушылар үшінші класс жүргізушілер мамандығын алатын болды. Мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, шеберханалар ашылды. Қыз балалар – тігінші, аспазшы мамандығын алса, ал ер балалар – жүргізуші, токарь мамандықтарын алатын болды.
№10 орта білім беретін мектептің ашылуымен Леонид Матвеевич Машковский осы мектепке директор болып тағайындалды. 1 жылға мектеп директоры ісін уақытша атқарушы болып Игуменова Людмила Николаевна тағайындалды.
1983-1986 жылдары мектепті Карибжанов Аскер Аренович басқарды. Карибжанов А.А. қайтыс болуымен, мектеп директоры болып Игуменова Людмила Николаевна тағайындалды. Осы жылдары мектеп кітапханасының қоры қалыптаса бастады. Спорттық базасы бекітілді (шанғы, коньки). Сызу кабинеті (Пантелеев.С.П) республикада ең үздік кабинет болып табылды. Шет тіл кабинеті лигафондық аппаратурамен қамтылды. АӘД кабинеті, тир, қару-жарақ бөлмесі ашылды.
1990-1992 жылдары мектепті Анатолий Григорьевич Матвеев басқарды.
Қазтай Жангабылович Нұркеновтың келуімен (1992-2004) мектептің жаңа даму кезеңі басталды. 1994 жылы мектепке «лицей» мәртебесі берілді. Әдістемелік, ағылшын тілі, ИВТ кабинеттерінің материалдық–техникалық базасы нығайтылды. Лицей-мектебінің ұстаздары өздерінің педагогикалық шеберлігін Томск қаласындағы дамыта оқыту институтымен, Ямбург мектебімен (Мәскеу қаласы), Алматы, Омбы қалаларымен бірлесіп, жоғарлата бастады.
2002, 2003 жылдары мектеп сапалы білім беру рейтингі бойынша жеңімпаз болып атанды.
2002 жылы қаңтар айында мектептің 50-жылдығына орай мектепте «Мектеп тарихы» атты мұражай ашылды.
2004 жылдан бері мектепті Әбішева Гүлжан Исимбайқызы басқарып келеді. Мектептің кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды: жаңа жиһаз алынды, қазіргі заманға сай техникалық құралдарымен жабдықталды, информатика кабинеттері ашылды. Білім беру саласында жоғары көрсеткіштері үшін, мектеп мультимедиялық құрал- жабдығымен марапатталды.
2005жыл –  ҚР ҒБМ шешуімен «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2005» болып атанды.
2006 жыл – Павлодар облысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда -2006».
2011 жыл – мектепке «Мамандырылған дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебі» мәртебесі берілді.
Мектеп өзінің үздік бітірген оқушыларымен мақтан етеді. 1957-2007 жылдары аралағында мектепті бес оқушы алтын медальімен бітірді. Бұлар – Бергман Лариса (1961), Лазарев Владимир (1961), Ехаева Людмила (1964), Шабанов Владимир (1965). 2006 жылы Бойко Мария мектепті «Алтын белгімен» аяқтады.
28 оқушы мектепті күміс медальімен  бітірді.
2004-2005 жылдарының мектептің төрт түлегі «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатыр.