Қарағанды қаласында «RoboLand 2018» IV халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Бағдарламада 32 номинация бойынша жарыстар өткізу қарастырылған, білім беру мамандары мен педагогтары үшін «Білім берудің сандық өзгеруі: болашақтың құзыреті» іскерлік бағдарламасы, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін шеберлік-сағаттары мен презентациялар, жаңа білім беру технологияларының көрмесі өткізілді. Фестивальға қалыптасқан Қазақстанның барлық аймақтарымен шет елдерден 1000-нан астам қатысушы және шет елдерден 2500 көрермен келді.
Фестивальдің мақсаты: робототехниканы, инженерлік ғылымдарды және бағдарламалауды көпшілік арасында дәріптеу, инновациялық технологияларды енгізу, балалар мен жастардың шығармашылық потенциалын дамыту және ең үздік тәжірибелермен алмасу, робот техникасы бойынша кәсіби командаларды анықтау.
Фестивальға біздің мектептің 4,5,6,7 сыныптың келесі оқушылары қатысты: Зотова Полина, Кисляковская Анастасия, Қайролла Айдана, Сушенок Элина, Айтуров Кобланды, Жиловский Станислав, Қадыр Азиз және Кудолей Кирилл.
Оқушыларды дайындаған информатика мұғалімі Кашенова Жанар Казезовна. Жарайсыңдар! Іс-сапарды ұйымдастырған ата-аналарға алғыс айтамыз!
Continue reading “RoboLand 2018”