“Қазақстан балаға достық көңілмен…” атты форум-фестиваль

Posted on

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясын іске асыру және дарынды балаларды дамыту, таныту мақсатында, өскелең ұрпақты белсенділік пен бәсекеге қабілеттілікке тәрбиелеу үшін 2018 жылдың 8-9 қарашасында Астана қаласында “Қазақстан балаға достық көңілмен…” атты форум-фестиваль өтті. Аталған шараға Павлодар облысынан 19 баладан құрылған делегация қатысты. Бүлдіршіндер үшін маңызды мәселелерді талқылайтын, Республиканың дамуына балалардың қосар үлесі мен шығармашылық, ғылыми, қоғамдық потенциалын дамытуға арналған, шешім қабылдауда бүлдіршін құқығын қарастыратын арнайы алаңшасы ұйымдастырылды. Форум аясында Павлодарлық оқушылар Назарбаев Университетіне барды, “Спарта” жайдарман тобымен, “Астана” футбол командасымен, “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаевпен, бокстан әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшаловпен және Рио олимпиадасының күміс жүлде иегері Гюзель Манюровамен кездесті. Сондай-ақ, Evrikum ойын-сауық паркін аралап, ҚР Ұлттық мұражайына ат басын бұрды. ¤