Зейнолла Шәріпбаев 1962 жылы 13 тамызда Екібастұз қаласында дүниеге келген. 1981 жылдан Кеңес армиясына шақырылып, Семей облысының Аягөз қаласында және Кушка қаласында қызмет етті, автокөлік жүргізушісі бойынша оқу оқыды.
1982 жылы Ауған соғысына қатысу үшін Ауғанстанға жіберілді, жүргізуші-бөлімше командирі, 101 шок аға сержанты. 1982 жылдан бастап әскери бөлімдер мен бөлімшелерге оқ-дәрі, азық-түлік және басқа да маңызды жүктерді жеткізуге бірнеше рет қатысты. 1983 жылдың 15 ақпанында жаудың колонна автокөлігіне шабуыл жасауына тойтарыс бере отырып, батыл және жанкешті әрекет етті, З. Шәріпбаев автокөлігінің шанағында 2 әйел және 10 сарбаз, ал кабинада сержант болған. Кузовта отырған адамдарды құтқара отырып, ол колоннаны басып озып, оқ ату аймағынан көлікті шығарды, адамдарды құтқарды, бірақ өзі жан жараланып қаза тапты.
Ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды.