“Шаңырақ” жобасы аясында Қазақ ұлттық қолөнерінің, музыкалық аспаптардың, тұрмыстық заттардың, ою-өрнектердің тарихын зерттеуге қызығушылықты дамыту мақсатында киіз үй жасау жоспарланған. Технология сабағында киіз үйді безендіру үшін ұлттық-қолданбалы өнер бойынша жұмыс жүргізілді. Қазақ халқының ашықтығы уақыт өткен сайын қалыптасқан қонақжайлылық салт-дәстүрлерінде айқын және толық көрсетілген. Қазақтарда ежелден қонақты тамақтандыру, оны ең құрметті орынға отырғызу дәстүрі болған. Алыс жерлерден немесе жақын ауылдардан кез – келген жолаушыны қабылдау-қазіргі уақытқа дейін бар қазақтардың ерекше қонақжай екенін айқындайды.