“Шаңырақ” жобасы аясында Қазақ ұлттық қолөнерінің, музыкалық аспаптардың, тұрмыстық заттардың, ою-өрнектердің тарихын зерттеуге қызығушылықты дамыту мақсатында, киіз үй тігілді. Қазіргі уақытта технология мұғалімдері киіз үйді безендіру үшін ұлттық-қолданбалы өнер бойынша жұмыстар жүргізуде.