14 наурызда 2-4 сынып оқушыларының шығармашылық жобаларын қорғаудың екінші кезеңі өтті. Жұмысты қорғау 3-4 адамнан (сыныптастары немесе басқа сынып оқушылары) тұратын арнайы сараптау комиссиясының алдында жүргізіледі. Сөз сөйлеу үшін әр оқушыға 5-7 минут беріледі. Сөз сөйлегеннен кейін қатысушылар оған сұрақтар қойып, өз пікірін білдіре алады. Сұрақтар мен түсініктемелер жобалық жұмыстың мәні бойынша болуы тиіс. Өз жұмысын қорғайтын оқушыдан жұмыстың мазмұны, ресімделуі және орындалуы бойынша барлық түсініктемелер, ақпарат көздерінен дәлелді сілтемелер алынуы тиіс.