14 наурызда адамдар таңертеңнен бастап бірінің үйіне бірі барып, “көрісу” рәсімін жасайды. Бұл күні барлық реніштер кешіріледі, бір-біріне қонаққа барады, тілектер айтып, сыйлықтармен алмасады. Үлкендер қонақтарды күтуде үй мен ауланы тазалап, жаңа киім киген. “Көрісу” дәстүрі-жастарды тәрбиелеу үшін жақсы үлгі, туыстық қарым-қатынасты нығайтады, реніштерді кешіруге және өз үйінде бейбітшілікті сақтауға үйретеді. Оның мәні барлығына түсінікті және Наурыз мерекесін тойлау кезінде жалпы идеяға айналған ерекше құндылыққа ие.