Ежелгі Шығыста қызғалдақты үйлесім мен рухани бастаудың символы деп санайды. Бұл гүлді ешкім аша алмағаны туралы деректер бар, бірақ бір жолы гүлдің жанынан кішкентай бала өтіп бара жатып гүлді жұлып алса, баланың қолындағы сиқырлы гүл ашылып, атын әлемге шығарды. Содан бері қызғалдақ гүлін сыйлау -бұл қуаныш пен сәттілікті білдіреді. Қазақ даласы-қызғалдақтар Отаны. Елбасы “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында көптеген халықтардың жүрегін жаулап алған біздің жердің ерекше символы ретінде қызғалдақтар рөлін ерекше атап өтті.