Биыл Қазақстанда Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығын атап өтуде. Ол Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы геолог ғана емес, Қазақстанның мәдениетінің дамуына да үлкен үлес қосқан . Оның өте дәл зерттеулері әлі де өзектілігін жоғалтпады.
Қаныш Имантайұлының өмірі ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерге толы: қазақ мектептері үшін алгебра бойынша алғашқы оқулықтардан бастап пайдалы қазбалардың болжамды карталарына дейін. Ол ғылыми тұрғыда өмір сүрді. Тіпті ауыр сырқаттанса да профессор геологиялық зерттеулермен айналысты.