Жеңіс күні қарсаңында “У войны не женское лицо” әдеби-музыкалық композициясының тұсаукесері өтті. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, “Мельпомена” мектеп театрының жетекшісі Лариса Анатольевна Харламованың жетекшілігімен қойылымға біздің мектептің оқушылары қатысты.
Сценарий және бейне тәртіптің авторлары: Болабенкова Виктория және Баранова Вера.
Жүргізушілер: Плеханов Артем және Болабенкова Виктория.
Оператор: Александр Лось. Оқушылар: Видоменко Екатерина және Ивженко Ангелина.
Солист: Әбдуалиева Милена.
Хореограф: Орлова Наталья.
Би тобы: Жумадилова Дана, Курманова Айдана, Газизова Эльмира, Болатова Хабиба, Жакупова Жания.
“Журавли” әнін орындаған біздің түлектеріміз Ашкеев Айбарға ерекше Алғыс айтамыз.