Бүгін, Халықаралық Отбасы күні, бүкіл Қазақстан бойынша “Отбасы тәрбиесі – өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастырудың негізі” атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Бұл маңызды іс–шараның мақсаты – мектеп пен оқушылар отбасыларының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібі:
- “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі.
- Жазғы демалысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары.
- Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар.
- Оқу жылының қорытындысын шығару, білім алушылардың білім сапасы. 9-11 сыныптардағы білім алушылардың қорытынды аттестаттауы.
- Мектеп басқаруындағы Қамқоршылық кеңесінің қызметі.