Сіздерді, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік пен жақсылық, игілік пен бақ-береке тілейміз.
2020 жылдың 25 тамызында оқклықтарды баспалардан облысқа жеткізу процесі аяқталды.
Бүгін күні облыстық білім басқармалары мен департаменттері 1-11 сыныптардың әр оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығын жеткілікті мөлшерде сатып алды.
20 шелдеден бастап оқулық шығару процесі облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Таратылым толық көлемде жүзеге асырылды. Оқулықтармен 100% қамтамасыз етуді үйлестіру үшін процестің барлық қатысушылары үшір жұмыс процедурасы жасалды, бұл оқулықтар мен оқу материалдарын жөнелту, жеткізу және шығару процесін реттеуге мүмкіндік берді.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
1. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары pdf форматында Қазақстан республикасы Білім және ғылым министірлігінің сайтында орналастырылған және жүктеу үшін қолжетімді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu
2. Егер сіз оқулықтардың тапшылығын және/немесе жетіспейтіндігін аңықтасаңыз, онда сіз өзіңіздің аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармасының, білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің нөмірлеріне хабарласа аласыз.
8 (7182) 65 00 60 Павлодар облысының білім беру басқармасының call орталығы