1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Posted on

Халықаралық қарттар күні біздің елімізде 1991 жылдан бастап 27 жыл бойы 1 қазанда аталып келеді. Бұл мереке БҰҰ Бас ассамблеясының 45-сессиясында жарияланды. Бұл күні қарт адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлестіктер ұйымдастырған түрлі фестивальдар, олардың құқықтары мен қоғамдағы рөліне арналған конференциялар мен конгрестер өткізіледі. Қоғамдық ұйымдар мен қорлар қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.