Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, балаларының оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді
2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) қызметін бастады.
Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баланың атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.
Бүгінгі таңда 16 000 жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.
Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% (ЖТМ-15,2%) мөлшеріннде сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% (басымдылық санаттағылар үшін) мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі:
5%, 7% мемлекеттік сыйлықақы |
+ |
15,2% дейін банк сыйақысы |
= |
Салым бойынша табыстылық 22,2% дейін |
Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары:
- Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды;
- Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
- Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016 ж. 6 363 теңге);
- Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
- Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар.
Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқығы:
- жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
- ақшаны басқа баланың атына аудару;
- білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.
* Мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады және салым бойынша табыстықлық 22,2% дейін жетеді. Осының арқасында салымшы білім беру қызметін салып алу кезінде 40-60% дейін ақшасын үнемдейді.
Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мынаулар қажет:
1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.
2-қадам- Білім беру жинақтау салымын ашу.
3-қадам – Бастапқы жарнаны енгізу.