Наурыз мейрамы қарсаңында бүгін қаламыздағы 36 мектеп оқушыларымен «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша жолдастық кездесу өтті. Бұл шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында екі мектептің оқушылары өздерінің ептіліктерін көрсете білді.







Наурыз мейрамы қарсаңында бүгін қаламыздағы 36 мектеп оқушыларымен «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша жолдастық кездесу өтті. Бұл шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында екі мектептің оқушылары өздерінің ептіліктерін көрсете білді.







Бүгін №1 лицей-мектебінде “Сөз анасы-сәлем” өнер-білім сайысы өткізілді. Бұл шараға жетінші сыныптар оқушылары қатысты. Шара мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Шарамыз бірнеше аялдамадан тұрды. Сәлем- әдептілік белгісі. Қазақтың шешендік өнері. “Өнер – білім” сайысы “Өнер – білім” сайысына қатысқан оқушылар бірнеше сынақтан өтті. Олар: 1. Өзін-өзі таныстыру. 2. Мәнерлеп өлең оқу. 3. Тыйым сөз жарысы. 4. Мақал-мәтел жарысы. 5. Өз өнерін көрсету. Сайысымыз өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Ұнаған қатысушыға дауысын беріп, оқушылар жеңімпаздарды өздері анықтады. Сонымен, бірінші орынға ие болған Ертаев Расул, екінші орынды жеңген Жания Исмаилова, үшінші орынды Дінмұхаммед Қабиден мен Диана Абаева бөлісті.







Қазақта әрқашан бас киім ерекше құрметтеледі. Бас киімдердің арасында сәукелеге ерекше назар аударады. Саукеле-қалыңдықтың дәстүрлі, өте ежелгі бас киімі. Археологтар қазба кезінде ортағасырлық қорғандардағы саукелге ұқсас бас киімдерді тапты. Үйлену тойында қалыңдық үшін арнайы бас киім тігіледі, ол бағалы терімен қапталған, биіктігі 20-30 см. Саукеле сары немесе қызыл барқытпен жабылған жұқа киізден тігілген. Жоғарғы бөлігі күміс жіппен, бисермен, түбінің шеті шашақпен безендірілген. Асыл тастардан жасалған тәжбен безендірілген, бүйірінен бус, інжу, бирюзадан жасалған әшекейлер ілінген. Саукелеге қалыңдықтың бетін жауып, оның келбетіне нәзіктік беретін жамылғы міндетті түрде салынады.





