«Наурыз-Думан» фестивалі

Опубликовано

Наурыз мейрамын жоғары сынып оқушылары «Наурыз-Думан» атты ән фестивалімен бастады. Әрбір сынып мемлекеттік тілде көктем тақырыбына арнап ән шырқап,би билеп мерекені жандандыра түсті. Фестиваль қорытындысы бойынша өнерлі өрендерге әр түрлі номинациялар берілді. Мерекелі ән кеші жас жеткіншектерге қуаныш сыйлады.