Бүгін 1 лицей-мектебінде таңертеңнен мерекелік қарбалас басталды. Мектеп дəлізінде орналасқан киіз үйдегі жайлы қонақжайлылық дастарқанынан мектепке келген ата-аналар, оқушылар жəне де болашақ 1-сынып оқушылары дəм тартты. Қонақжайлылық дастарқаны, шындығында да, береке, бірліктің, молшылықтың дастарқанына айналды. Ата-аналар да, оқушылар да ризашылықтарын алғыспен білдіріп жатты.