«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск қ.) 2019 жылғы 30 қаңтар – 1 ақпан күндері 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан 400-дан астам жас ізденушілердің ішінде Павлодар облысының 23 оқушысы болды.
Екінші жыл қатарынан Павлодар облысының командасы 100% қатысу сапасын көрсетуде. Биылғы конкурста біздің балалар 10 бірінші, 3 екінші, 4 үшінші жүлделі орындарды жеңіп алды.
«Математика және информатика» секциясында Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Лозинский Андрей жеңімпаз атағына ие болды.
Құттықтаймыз!!!


