Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында 2019 жылғы 1 ақпан күні өткізілген бағдарламалау бойынша VIII облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 29 оқушы бақ сынасты.
Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Семкин Владислав І орын жеңіп алды.
Құрмет грамотасымен 7 сынып оқушысы Рябицкий Владислав марапатталды.

Құттықтаймыз!!!

